Мұнай кен орнын өнеркәсіптік пайдалануды бастамас бұрын міндетті түрде қойнауқаттарды геология-технологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл сынақтар жүргізілетін аралықтарды дәл анықтау үшін қажет. Қойнауқаттық сұйықтық алынады, соның негізінде қажетті гидродинамикалық сипаттамалар есептеледі. Нәтижелері ұңғымамен қиылысатын тау жыныстарының геология-физикалық көрсеткіштері түрінде алынады.
Өкінішке қарай, ұңғымаларды бұрғылау барысындағы геология-технологиялық зерттеулер қойнауқат сипаттамасының әр метріне дейін дәл жасауға мүмкіндік бермейді, дегенмен пайдалану ұңғымасына ең жақын жағдайларда кейбір аралықтарды қарқынды сынау мүмкін болады. Геология-технологиялық зерттеулер тек кен орнын игеру тиімділігін арттыру үшін ғана емес, сонымен бірге технологиялық процестің қауіпсіздігін, оның апатсыз сипатын қамтамасыз ету үшін де жүргізіледі.
ГТЗ және ГК негізінде – «Геотест-5» геология-технологиялық зерттеулер стансасы. Жоғары дәлдікті газаналитикалық жабдық, қызметтік жарақталған геологиялық кабина және орындалатын тапсырмаларға бейімделген бағдарламалық жасақтама мына әрекеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
- кесік бойынша шлам үлгілерін таңдап алу,
- шламды фракционды талдау,
- џ жыныстардың карбонаттылығы мен тығыздылығын анықтау,
- шлам және бұрғылау ерітіндісін люминесцентті талдау,
- ұңғымадан шығарберістегі шайғыш сұйықтықтың ағынынан газдарды үздіксіз алу,
- бұрғылау ерітіндісін газдық құрамын көлемдік және сомалық анықтау,
- жайғыш сұйықтықтан алынған газды қоспалардағы шекті көмірсутектер құрамын
- үздіксіз өлшеу,
- ерітінді сынамасын, шлам және керн үлгісін мерзімдік термовакуумды газсыздандыру (ТВГ).
ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:
- Геология-геофизикалық ақпаратты алуды жүйелендіру — керн және шламды таңдау
- Аралықтарын таңдау және түзету.
- Реперлі кеңістіктерді анықтау.
- Кесікті жедел литология-стратиграфикалық мүшелеу, мұнай және газ келешекті
- нысандарды ерекшелеу.
- Қойнауқаттар қанықтылығы сипатын анықтау.
- Қойнауқат-коллекторлардың сүзгілік-сыйымдылықты қасиеттерін бағалау.
- Газ, мұнай, сулы байланыстарды анықтау.
- Сынақ процесін бақылау және қойнауқат сипаттамаларының гидродинамикалық және
- технологиялық сипаттамаларын анықтау.