Өндірістік-техникалық база сапалы қызмет көрсету үшін қажетті заманауи техника және жабдықтармен жабдықталған.

Орталық кеңсе Ақтау қ. орналасқан. Өндірістік базалар Қарғалы а., Боранқұл а., Жаңаөзен қ. және Ақтау қ. бар. Қажетті геофизикалық жабдықтар мен техниканың болуы, сондай-ақ серіктестерімізбен оң әріптестік Тапсырыс берушіден сұраныс түскеннен кейін жұмысқа жедел кірісуге мүмкіндік береді. 

 

 

Өндірістік бөлімшелердің көмегімен ҚР-ның барлық облыстарында геофизикалық зерттеулер жүзеге асырылады. Компания УРАЛ, КАМАЗ, ГАЗ шассиінің арнайы техникасы базасында ПКС-5, ПКС-5Г маркалы заманауи каротажды және гидродинамикалық стансалармен, Комплекс КарСар, Вулкан, АМК Горизонт секілді шетелдік және ресейлік өндірістегі заманауи кешенді геофизикалық аспаптармен және сандық тіркеуіштермен жабдықталған 10 геофизикалық кешенді партиямен жарақталған.

Эта запись также доступна на: English, Russian