Кен мен ұңғымаларды зерттеудің негізгі мақсаты – мұнай мен газ қорын есептеу, жобалау, талдау, кен өңдеуді және ұңғыманы пайдалануды реттеу үшін олар туралы ақпарат алу. Зерт- теу кен ашылғаннан кейін бірден басталады және кен орнының бүкіл «ғұмыры бойына» жалға- сады, яғни кенге тікелей қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұңғымаларды бұрғылау және пайдалану барысында жүзеге асырылады.

Жұмыс істеп тұрған немесе тоқтатулы ұңғымалардағы белгілі көрсеткіштерді (қысым, температура, сұйықтық деңгейі, дебит және т.б.) өлшеуге және қойнауқаттық сұйықтықтар (мұнай, су, газ және газ конденсаты) сынамасын таңдауға бағытталған түрлі іс-шаралардың жиынтығы және оларды уақыт бойынша тіркеу.

ГДИС түсіндірмесі қойнауқаттар мен ұңғымалардың өнімді және сүзгілік сипаттамаларын (қойнауқаттық қысым, өнімділік немесе сүзгілік коэффициенттер, сулану, газды фактор, гидроөткізгіштік, өткізгіштік, пьезөткізгіштік, скин-фактор және т.б.), сондай-ақ ұңғымамаңы және қойнауқат аймағының алшақ аймақтарының ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеулер шөгу жағдайларында тау жыныстарының сүзгілік қасиеттерін, қойнауқат (газ/мұнай/су) қанықтылығының сипатын және қойнауқаттық сұйықтықтың физикалық қасиеттерін (тығыздық, тұтқырлық, көлемдік коэффициент, сығымдылық, қанықтылық қысымы және т.б.) анықтаудың тікелей әдісі болып саналады.

Зерттеу түрлері:

  • Орнатылған таңдау әдісімен зерттеу (ИД );
  • Орнатылмаған таңдау әдісімен зерттеу (КВД-КПД );
  • Кенжарлық қысымды өлшеу;
  • Қойнауқаттық қысымды өлшеу;
  • Кенжардағы температураны өлшеу;
  • Ұңғыма-гидротыңдау өзара әрекеттестігін зерттеу;
  • Тереңдік және сағалық сынамаларды таңдау;
  • Статикалық деңгейді

ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:

  • кенжарлық қысым;
  • қойнауқаттық қысым;
  • қойнауқаттық температура;
  • кенжар аймағының скин-факторы;
  • қойнауқаттың өнімділігі;
  • қойнауқаттағы сұйықтықтың қозғалғыштығы;
  • қойнауқаттың өткізгіштігі;
  • қойнауқаттың гидроөткізгіштігі;
  • қойнауқаттың пьезоөткізгіштігі;
  • сұйықтықтың(мүнай, газ, судың) әлеуеттік шығымы;
  • мұнай және судың пайыздық қатынасындағы құрамын анықтаумен сұйықтық пен газдың
  • орташа тәуліктік шығымы;
  • қойнауқаттық сұйықтықтың тығыздығы;
  • өнімді қойнауқатты одан әрі пайдалану кезінде оны тиімді пайдалану режимі бойынша
  • кеңес беру.

Эта запись также доступна на: English, Russian