- Стандартты каротаж
(Аралық зерттеулерді) кондуктормен, техникалық бағаналармен, сондай-ақ бірінші өнімді немесе перспективті аралықтан жоғары пайдалану колоннасымен жабу жоспарланған ара- лықтарды бұрғылау аяқталған бойда қауіпсіз бұрғылау мақсатында ұңғыма оқпанының кеңістіктік орналасуы мен техникалық қалпын бағалау үшін өткізеді.
2.Қорытынды каротаж
Қорытынды каротаж барлық ұңғымаларда мұнай және газ өнімділікті және перспективті аралықтарда, зерттеудің басқа түрінің топтамасымен орындалады.
ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:
- зерттеліп жатқан кесікті қалыңдығы 0,4 м дейінгі қойнауқаттарға, қойнауқат байлауларын ұңғыма- ның тереңдігі бойымен және абсолютті белгілер арқылы бөлу;
- әрбір қойнауқатты толық литологиялық сипаттау, барлық түрдегі коллекторларды ерекшелеу (кеуекті, жарықшақты, кавернді және аралас) және олардың көрсеткіштерін – саздылығының, жалпы және тиімді кеуектілігінің, өткізгіштігінің, су және мұнайгазқанықтылығының коэффициенттерін анықтау (егер коллектордың тиімді қалыңдығы 0,8 м асса);
- коллекторларды қанықтылығының сипаты бойынша өнімді және су тұтқыш деп, ал өнімділерін газ және мұнайқанықты деп бөлу;
- сұйықтықаралық байланыстардың орналасуын, ауыспалы аймақ шекараларын, тиімді газ және мұнайқанықты қалыңдықтарды анықтау;
- қойнауқат қысымы мен температурасын анықтау;
- қойнауқат суларының минералдануын анықтау;
- әлеуетті дебиттерді болжау;
- ұңғыма маңындағы және ұңғымааралық кеңістіктердегі геологиялық кесік құрылысын болжау.
- ұңғыма оқпанының кеңістіктік қалпын зенитті және азимутты бұрыштар бойынша
- (инклинометрия) анықтау және оқпан траекториясының жобаға сәйкестігін белгілеу;
- ұңғыманың орташа диаметрін (кавернометрия) және екі ортогоналды жазықтықтағы (профилеметрия) ұңғыма оқпанының көлденең қиылысу профилін анықтау, осы мәліметтер бойынша науаларды, кавернаны, тығыздамаларды, шламды және сазды қабықшаларды бөлу;
- бұрғыланып жатқан және тоқтап тұрған ұңғымалардағы температураны және тік градиентін өлшеу.
- Газды, мұнайлы және сулы байланыстарды анықтау.
- Сынақ процесін бақылау және қойнауқаттардың гидродинамикалық және технологиялық сипаттамаларын анықтау.
Цементажды акустикалық бақылау
- Предназначен для определения высоты подъема цементной
Цементті қоспаны көтеру биіктігін, құбыр сыртындағы кеңістікті цементпен бітеу және оның шегендеу бағанымен және тау жыныстарымен тұтасуының деңгейін, цементте тік каналдар- дың және болуын және ісінген (газға қаныққан) цементтің аралықтарын анықтауға арналған.
Акустикалық цементометрия бағанда, цементті таста және тау жыныстарында таралатын толқынды пакеттер сипаттамаларын өлшеуге негізделген. Ақпараттық сипаттамалары – амплитудалар немесе баған бойынша тиімді толқын коэффициенті, сондай-ақ көлбеу толқын- ды таратудың аралық уақыты.
Цементтеуді сапалық деңгейде бағалау үшін фазакорреляция-лық диаграммалар қолданылады. Әдістің тігінен орналастыру қабілеттілігі – 40 см, әдістің көлденең орналастыру қабілеттілігі – 40 см. Мұнайлы немесе сулы негіздегі газдалмаған сұйықтықпен толтырылған шегендеулі ұңғымаларда қолданылады.
ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:
- цементтік ерітіндінің көтерілу биіктігін анықтау;
- тампонажды қоспаның шегенделген бағана және тау жыныстарымен байланысы
- жағдайын бағалау;
- құбырарты кеңістігінің бітеулігін бағалау.
Ұңғымалар құрылысы кезінде қолданылатын әдістер:
- Электрлі каротаж (әдістері: жорамал кедергі (ЖК), өз еркімен полярлану шамасы (ӨП), резистивимет рия, көпбұрғылы бүйірлік каротаж (БК), бүйірлік каротажды бұрғылау (БКБ), микрокаротажды бұрғылау (МКБ), индукциялық каротаж (ИК), жоғары жиілікті индукция- лық каротажды изокөрсеткіштік бұрғылау
- (ЖИКИБ), микрока ротажды сканерлеу (МС);
- Радиоактивті каротаж (әдістері: гамма
- каротаж (ГК), нейтронды гамма каротаж
- (НГК), нейтрон-нейтронды каротаждың
- сантүрлілігі (ННК), тығыздықтардың гамма-
- гамма каротажы (Т-ГГК), литотығыздықты
- гамма-гамма каротаж (ЛТ-ГГК),
- спектрометрикалық гамма каротаж (СГК);
- Акустикалық каротаж (әдістері:
- акустикалық каротаж (АК), цементажды
- акустикалық бақылау (ЦАБ), акустикалық
- интергральды сканерлеу (АИС),
- көпсекторлы акустикалық каротаж, кең
- жолақты акустикалық каротаж (КАК);
- Инклинометрия;
- Кавернометрия, профилеметрия
- Термометрия
Ашық оқпандағы көлденең ұңғымаларды зерттеу:
- ИКөлденең ұңғымалардағы зерттеулер бұрғылау құбырларының көмегімен көлбеу бағыт- талған және көлденең ұңғымаларға геофизикалық аспаптарды жеткізу жолымен автоном- ды режимде ұңғымаларға геофизикалық зерттеудің стандартты кешенін жүргізуге арнал- ған автономды геофизикалық аспаптар арқылы жүзеге асырылады.
- Бұрғылау ерітіндісімен шайылған және апат
- жағдайында бұрғылау құралы арқылы
- контейнерлерден аспаптарды алып шығу
- мүмкіндігімен аз өлшемді аспаптар
- қолданылады. Ұңғымадағы талап етілетін
- диапазонға байланысты жүйе
- аккумуляторлармен де, құрғақ
- батареялармен де жұмыс істей алады.
- Бұрғылау құбырларында каротаж жүргізу
- жұмыстың апаттылығын азайтады.
- Көлбеу бағытталған және көлденең
- ұңғымаларда каротаж жүргізу кезінде «ГОРИЗОНТ» АӘК аппараттық әдістемелік кешені қолданылады.