Технология қолайлылықты арттыру үшін пайдалану және айдау процесінде мұнай ағынын төмендеткен мұнайлы ұңғымалардың дебитін қалпына келтіру немесе арттыру үшін арналған. Ұңғымаларды өңдеу технологиясын жүзеге асыруға арналған қуат және химиялық реагент- тердің дара және бірегей көздері ретінде композициялық материалдар жанған кезде газ түрленісі түрінде болатын қуатқа қаныққан материалдар саналады. Құрылғының әрекеті тікелей ұңғыманың кенжарында жанудың химиялық реакциясы нәтижесінде қуат және реа- генттер бөлінуіне негізделген.

Аммакты селитра және эпоксидті компаунд негізіндегі композициялық материалдардан жасалған теромкөздердің ерекшелігі олардың жарылысқауіпсіздігінде және бір технологиялық операцияда кенжарда бір мезетте жоғары немесе аса жоғары қысымды, температураны және газ түріндегі, соның ішінде көбінесе жоғары температуралы химиялық реагенттерден  тұратынөнімдерді ,  мысалы ,  тұзды  немесе  сазқышқылды    жасау қабілеттілігінде.

Термокөздің жұмысы барысында ұңғыманы өңдеу аралығында жоғары энергетикалық көрсеткіштер мен қарқынды әсер ету процестерінің пайда болуына байланысты өңдеудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін белгілі тәсілдермен салыстырғанда, айтарлықтай аз мөлшердегі реагент талап етіледі.   Сонымен қатар тікелей өңдеу аймағында құрылғыдан бөлінетін барлық қуат басқа технологияларға қарағанда еш шығынсыз жұмсалады.

Сәйкесінше мұндай технологиялар жоғары экологиялық қауіпсіздікке ие, яғни барлық химиялық реагенттер тек өңдеу аумағында ғана бөлініп, шығарылады және қойнауқаттың кенжармаңы аумағының өңдеу аралығы шегінде бейтараптандырылады.

Екінші жағынан, технологияда қолданылатын қуатқа қаныққан композициялық материалдар тек қуат көзі және химиялық реагенттер ғана емес, жоғары берік сипаттамаларға ие бола отырып,  қарқынды,  толқындық ,  репрессиялық  немесе  депрессиялық ,  сондай-ақ гидравликалық әсер етуге мүмкіндік беретін құрылғылардағы құрастырымдық элемент ретінде де қызмет атқара алады.

ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:

  • ұңғымаларды пайдалану барысында ҰКА-ға газ-гидродинамикалық, жылулық және химиялық әсер ету;
  • ҰКА-да жаңа жарықшақтардың пайда болуы;
  • ұңғымаларды пайдалану кезінде ҰКА-да пайда болған АШПШ жоғары температура
  • әсерімен балқиды;
  • мұнайдың физика-химиялық қасиеттерін қажетті бағытта жақсарту;
  • коллекторға химиялық әсер ету (СКО).

Эта запись также доступна на: English, Russian