Пайдалану бағанасының, СКҚ бітеулігінің, екінші оқпанды кесу аралығының бұзылу орнын анықтау ұңғыманың барлық санатында зерттеудің түрлі технологияларында қолданылады: су таратқыштан, агрегаттан айдау, атқылама, компрессиялау немесе піспектеу арқылы ағын- ды шақыру, аз әрекет ететін радиоактивті изотоптарды айдау

ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:

  • пайдалану бағанасы және жерасты жабдығы бітеулігінің бұзылу орнын анықтау
  • бітеу еместік түрін анықтау: шегенделген бағана немесе СКҚ жалғастырғыштық байланыстары, құбыр денесі бойына жарықшақтар, бағананың жарылуы, СКҚ жарылуы;
  • ұңғыма құрастырылымы техникалық элементтерін бақылау;
  • бітеу емес орындар дебитін (қолайлылығын) анықтау;
  • бітеу еместік аралығы ағынының құрамын
  • анықтау;бағандалған көшулерді табу.

Ағын профилін анықтау

Ағын профилін анықтау ұңғыма оқпанында және ұңғыма маңы кеңістігінде сұйықтық болуы және құрылымдық ағынымен анықталатын физикалық өрістерді тіркеуге негізделген. Өлше- улер орнатылған (ұзақ уақыт бойы қолданыстағы ұңғымалар), орнатылмаған (таңдау режимі өзгертілген  ұң ғымалар)  және  ауыспалы  термо-гидродинамикалық  өрістер  кезінде жүргізіледі. Орнатылмаған режимдер ұңғыманы іске қосқаннан немесе тоқтатқаннан кейін туындайды. Қысқа мерзімдік іске қосу мен содан кейінгі тоқтатудың бірлесуі ауыспалы өрістер туындауына әкеледі. Ағын және сулану көздері профилін анықтау мәселелерін шешу үшін әр түрлі режимдік зерттеулер кешені пайдаланылады: тоқтап тұрған және жұмыс істеп тұрған ұңғымаларда, сондай-ақ піспектеу, эжекторлы құрылғы, атқыламалы ұңғымалар және комперссорлаудың көмегімен ағынды шақыру барысында. Өлшеулер толық зерттеулердің бөлек аралығының шегінде орындалады. Қойнауқат қысымы төмен (атқыламайтын) ұңғыма- лардағы жұмыс кезінде орта бөліктерінің статикалық және динамикалық деңгейлерінің өзгеруі аралықтарында оқпан бойынша қосымша өлшеулер жүргізіледі. СОВА, КСАТ және PLT сериялы кешенді геофизикалық аппаратура қолданылады. 

Қолданылатын әдістер:

  • гамма-каротаж;
  • жалғастырғыштардың магнитті локаторы;
  • барометрия, манометрия;
  • сезімталдығы жоғары термометрия;
  • диэлькометрикалық ылғал өлшеу;
  • индукциялық резистивиметрия;
  • ағынның термокондуктивті индикаторы;
  • механикалық шығын өлшеу.
  • акустикалық шу өлшеу.

ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:

  • ағын профилін, сулану көздерін анықтау;
  • ағын дебиті мен құрамын бағалау, сулану пайызын анықтау;
  • радиогеохимиялық  ауытқушылық  аралықтарын бөлу;
  • ұңғыма оқпанындағы фазаларды бөлудің статикалық және динамикалық деңгейлерінің
  • қалпын анықтау

Қолайлылық профилін анықтау

Қолайлылық профилін анықтау кезінде қолайлылық профилі мен аралықтарын, бағанаарты ағуы аралықтарын бөледі, ұңғымаға құйылатын судың жалпы және аралық көлемін, айдау қысымын және қойнауқатқа репрессияны анықтайды. Геофизикалық зерттеулерді айдау, төгу және ұңғыма тоқтап тұрған кезде жүргізеді. Суды айдау су құбыры немесе агрегат арқылы жүзеге асырылады. Зерттеулер  СОВА, КСАТ және PLT сериялы кешенді аппаратуралармен орындалады.

 

Қолданылатын әдістер:

  • гамма-каротаж;
  • жалғастырғыштардың магнитті локаторы;
  • барометрия, манометрия;
  • сезімталдығы жоғары термометрия;
  • ағынның термокондукті индикаторы;
  • механикалық шығын өлшеу.

ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:

  • Ұңғыманың қолайлылығын анықтау.
  • Айдалатын сұйықтықтың кету профилін алу.
  • СКҚ тоспасынан және пакерден төмен бағаналардың бітеулігінанықтау.
  • ВТ, РГД, манометр әдістерінің кешенімен өлшеу бойынша СКҚ бітеулігін анықтау

Піспектеу

Піспектеуге піспек үстіндегі сұйықтық көлемін жоғарғы қабатқа жүйелі шығару арқылы ұңғы- мадағы сұйықтық деңгейін төмендету кіреді. Жұмыстарды жүргізу кезінде ұңғымаларды кұрделі жөндеуге арналған стандартты агрегаттар және штаттық каротажды кабельмен жарақталған геофизикалық көтергіштер қолданылады. Атқыламалы арматураға электр тогын үштік ажыратқыш және гидравликалық тығыздамалы құрылғымен жабдықталған геофизика- лық лубрикатор біріктіріледі. Үштік ажыратқыш өлшеуіш сыйымдылықпен буылады.

ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:

  • қойнауқаттың депрессияда ашылуын қамтамасыз ету үшін перфорациялау алдында сұйық- тық деңгейін төмендету;
  • ұңғыманы игеру;
  • қойнауқаттың кенжар аймағын тазалау;
  • қолданыстағы ұңғыма дебитін арттыру;
  • геофизикалық зерттеулер кезінде қойнауқаттан ағынды шақыру: гидродинамикалық,
  • ағын профилін, сулану көзін анықтау, ұңғыманың техникалық жағдайын диагностикалау

УЭОС (бүріккіш сорғы) типті эжекторлы сорғымен игеру

УЭОС ұңғымаларын эжекторлы ұңғымалардың көмегімен игеру ұңғымаларды зерттеу және қойнауқаттың ұңғымаалды аймағына әсер ету мақсатында, атап айтқанда, ауытқушылықты- төмен қойнауқат қысымды және коллекторларының өткізгіштігі жоғары (бір Дарсиге дейін) кен орындары үшін қойнауқаттан ағынды шақыру үшін арналған.  Ағынды игеру және тиімді етуге, күрделі ұңғымалық жағдайларда – құмды түзілістерде, жоғары газды фактор, сулану, температура, коллектордың сүзгілік қасиетінің нашарлауында, көлбеу бағытталған және қисық ұңғымаларда ұзақ мерзімдік мұнай алуға арналған.

ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:

  • кенжарлық қысымды төмендету және қойнауқаттан ағын шақыру;
  • диаметрі бойынша 43 миллиметрден аспайтын геофизикалық аспаптармен белгіленген депрессия мәндері режимінде каротажды кабельмен геофизикалық зерттеулер жүргізу;
  • қойнауқатқа гидросоққылармен әсер ету;
  • автономды манометрлермен кенжарлық қысымды тіркеу арқылы кіші депрессиядан үлкеніне дейін көпциклді гидродинамикалық зерттеулер;
  • орнатылған немесе орнатылмаған режимдердегі ұңғымаларда гидродинмикалық зерттеулер жүргізу;
  • депрессия режимдерінде кабельмен түсірілетін аз өлшемді аспаптардың көмегімен гидродинамикалық әдістер, физикалық өрістер арқылы қойнауқатқа әсер ету;
  • түрлі химиялық өңдеулер кезінде ұңғыма маңы аймағынан реакция өнімдерін алып тастау.

Ағымдық және қалдық мұнайгазқанықтылығын анықтау

Қарқынды спектрометрикалық нейтронды гамма-каротаждың (ҚСНГК) әдісімен ағымдағы және қалдық мұнайгазқанықтылығын анықтау тез нейтрондардың жоғары жиілікті ұшқында- рымен түрлендірілетін нейтрондардың серпінсіз шашырау (СШГС) және радиациялық қармау гамма-сәулеленуін (РҚГС) тіркеуге негізделген. Көміртекті-оттекті каротажды модификация- лауда қолданыстағы генератор кейбір бекітілген жиілікті (~10 кГц) 14 МэВ нейтрондар импульсін шашады. СШГС және РҚГС спектрлерін талдау топырақты құрайтын элементтер үшін олардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес топырақтағы көміртек, оттегі, кальция, кремний және басқа да бірқатар элементтердің салмақтық үлесін анықтауға жол ашып, сол арқылы кеуектілік, литологиялық құрам, мұнайқанықтылығы міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.

ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:

  • ағымдағы және қалдық мұнайқанықтылығын бағалау;
  • қойнауқаттық су минералдануына қарамастан, өнімді коллекторлардың сулану аралығын анықтау;
  • кесікті литологиялық мүшелеу;
  • коллекторлардың мұнай беруі тиімділік барысын сүйемелдеу.

Гироскопиялық инклинометрия

Гироскопиялық инклинометрия ұңғыма оқпанының кеңістіктік қалпын анықтау, көлбеу бағыт- талған ұңғыларды бұрғылау барысында ұңғыманың траекториясын түзету және ұңғыма оқпанының нақты траекториясының жобалық түрімен сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізіледі.

ШЕШІЛЕТІН МІНДЕТТЕР:

  • ұңғыма оқпаны осінің кеңістіктегі белгіленген бағытын бақылау;
  • бұрғылау және пайдалану кезінде қиындық тудыруы мүмкін ұңғыма оқпаны осінің иілген
  • учаскелерін бөлу;
  • өнімді қойнауқаттардың орнының шынайы тереңдігін анықтау

Эта запись также доступна на: English, Russian