Ату-жарылыс жұмыстары шегенделген бағанада (бір немесе бірнеше), цементті таста және қойнауқаттың ұңғымамен гидродинамикалық байланысын қамтамасыз ету мақсатында ұңғыманы бұрғылау барысында бұрғылау ерітіндісімен ластанған топырақ учаскесінде каналдар жасауға арналған.

Қойнауқатты екінші рет ашу мұнайгаз және газ ұңғымаларын одан әрі тиімді пайдалануға әсер ететін ең маңызды операциялардың бірі саналады. Мұнайгаз тасымалдаушы қойнауқаттарды екінші реет ашу бойынша жұмыстардың көп бөлігі қазіргі таңда кумулятивті перфорация арқылы жүзеге асырылады. Алға қойылған міндетке, сондай-ақ ұңғымалық жағдайлар мен қойнауқат-коллектордың сипаттамаларына байланысты кумулятивті, бұрғылайтын немесе гидромеханикалық перфорация қолданылуы мүмкін.

Бір реттік қолданылатын корпусты кумулятивті перфораторлар кабель арқылы ұңғымаға түсіріледі. Бір атудан кейін аспаптың корпусы істен шығады және жарылыс өнімдерімен бірге сыртқа шығарылады. Аппаратура газ немесе газды конденсат толы ұңғымаларда қолданылатын сұйықтық толтырылған шегендеулі ұңғымаларда қолданылады

МІНДЕТТЕР:

  • барлау ұңғымаларындағы  қойнауқаттарды  айыру,  қажет  болған  жағдайда  жоғарғы кеңістіктерді сынау;
  • жоғары жатқан нысандарға өту кезінде пайдалану және айдау ұңғымаларындағы нысанды оқшаулау;
  • ұңғымада жасанды кенжар жасау;
  • бағананың техникалық жағдайын зерттеу кезінде перфорация аралығын кесіп тастау.

Сорғылы-компрессорлы құбырлардағы (СКҚ ) ату-жарылыс жұмыстары

Саңылаулы, торлы, перфорацияланған цементтелмеген артқы ілмектермен салыстырғанда, цементтелетін ұңғыма оқпандарын (артқы ілмектерін) перфорациялау ҚГЖ сұйықтықтары- ның қойнауқатқа бақыланбайтын ағып кету қаупін азайтуға мүмкіндік береді (перфорацияла- натын аралыққа байланысты).

 

Артықшылықтары:

  • Құрастырылуының қарапайымдылығы, орнатылған пакерлердің (аймақтар аралығындағы өту) бітеулігінің жетіспеушілігі қатерінің болмауы;
  • Порттар саны шегендеу бағанасының артқы ілмегінің ішкі диаметрімен, орын өлшемдерімен және үлкейткіш өлшемді шарлардың кезектілігімен шектелмейді.
  • Секциялар арасында жарықшақтар жарылуы қаупінің болмауы;
  • Ұңғыма кенжарын қалыптандыру кезінде пропанттың айтарлықтай мөлшерінің жуылып кетуінің болмауы;
  • Су фронтын бұзғаннан кейін ҚГЖ жарықшақтарын оқшаулау мүмкіндігі.

Кемшіліктері:

  • Сұйықтық кумулятивті саңылау арқылы өткен кезде үйкелу жұмыс қысымын жоғалтудың арту мүмкіндігі

Жарғыш пакерді орнату

Цемент ті  аралық  қондырмалары жо ғары  жақтан  кеңістікке  өтуге, жаңа оқпанды бұрғылауға, ұңғыма оқпанының тұрақсыз және қауіпті бөлігін нығайтуға, қойнауқат сынау- шысы, күрделі жөндеу, консервация немесе ұңғыманы жабу көмегімен кеңістікті сыннан өткізуге арналған цементті тастың белгілі бір берік сугазмұнай өткізбейтін стаканын алу үшін қолданылады.

Жарғыш пакерді орнату кезінде ВП және ВПШ (шлипсті жарғыш пакер) маркалы пакерлер қолданылады.

 

Заряд ретінде түтінді қарулық оқтың (ТҚО) ілмегі пайдаланылады. Зарядтың жалындауы жоғарыдан кабель бойымен ток беру кезінде ТЭЗ-3П немесе ЭВПТ типті электрлі тұтатқыш арқылы жүзеге асырылады. Ұңғымаға КОБД-4, КОБДТ-4 типті кабельдер арқылы түсіріледі.

Эта запись также доступна на: English, Russian